Қош келдің әз-Наурыз!
Жан дүниең ерекше күйге енетін, Күн сәулесі жып-жылы нұр беретін, Жер төсінен тіршілік нәрін алып, Балауса гүл ерекше түрге енетін Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді! Сары белде бусантып сағым жатыр, Жылғалардан ағатын су да мөлдір. Ту биенің төсінен уыз емген, Жас құлынның шабысы күлдір-күлдір Жыл бастауы дүркіреп Наурыз келді! О, Жаратқан халқыма жігер берші, Қыдыр ата, бақ тілер, асыл елші. Қан жүгіріп құлпырған мына әлемге Байтақ елім құт қонып, еркін енші Жыл басталды – Ұлыстың ұлы күні!