Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№75 бөбекжай-балабақша"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Телефон меңгеруші:
+7(727)382-56-11
Телефон әдіскер:
+7(727) 382-62-35
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аудан аралық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу қызметтері
21
ақпан
2019

Аудан аралық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиешілеріне арналған ұйымдастырылған оқу қызметтері

1. Тақырыбы: «Ғажайып табиғат. Ойна да, ойлан-қызықты тәжірибе»
(ортаңғы топ бүлдіршіндері)

Мақсаты:
Білімділік: Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Жанды және жансыз табиғат туралы мағлұмат беру. Балалардың білімдерін, қызығушылықтарын арттыру мақсатында, тәжірибелік жұмыс жасау тәсілін пайдалану.
Дамытушылық: Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылау дағдыларын дамыту. Судың жансыз табиғатқа, лимонның жанды табиғатқа жататынын ұғындыра отырып, тәжірибе кезінде судың және лимонның қасиеттерімен таныстыру. Жеке-жеке тәжірибелік жұмыс жасау арқылы балалардың ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық таныту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.


2. Тақырыбы: «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл»
(ересек топ бүлдіршіндері)

Мақсаты:
Білімділік: балалардың салауатты өмір салты туралы білімдерін тереңдету. Адамның мүшелері туралы түсінік беру. Денсаулықты сақтау барысы жайлы балаларға ұғындыру. Мінез-құлқы бойынша әдеп-ғұрыптарды сақтандыру.
Дамытушылық: бүлдіршіндердің салауатты өмір әдістерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.