20
мамыр
2023
ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ!
ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ!
Тазалықты сақтау әуелден адамдық қасиетіміз болса, екіншіден
экологиямыздың ластануына жол бермеу. Ауданымыздың тазалығын сақтау
барша тұрғындардың міндеті. Алайда кей кәсіпкерлеріміз қоқыстарын көше
маңайы мен тұрақжайлардың маңына тастап, жауапсыздық танытуда.
«Тазалық жинаған жерде емес, шашпаған жерде болады» дегендей аудан
кәсіпкерлері тарапынан осы бағыттағы қолдаудың болуы артық болмас.
Адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні
жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» деп бекер айтылмаса керек.
Жүректерінде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік сезімдерін ояту әрбір
адамның азаматтық борышы болуы тиіс. Өз денсаулығымыз мықты болсын
десек, қоршаған орта тазалығына баса назар аударайық. Суын ішіп, ауасын
жұтып, топырағын басып жүрген туған ауданымызды аялап, қадірлеуді әрбір
азамат ойланса екен.
